ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЕСКІ ҮЙЛЕР ЫСЫРЫЛАДЫ

IMG_4454

Биыл Астанада апатты үйлерде тұратын 400-ден аса отбасы жаңа қонысқа көшіріледі

Астана қалалық мәслихатында өткен тұрақты комиссияның жиналысында  «Жыл аяғына дейін 31  апатты үйді ысырып тастау жоспарланып  отыр. Онда  ұзын-ырғасы 463 отбасы тұрады.  Оларға Сығанақ көшесіндегі үйлерден  жаңа баспана беріледі» деген мәлімет айтылды.

Жалпы, қалада 2017 жылға дейін  тозығы жетіп, құлағалы тұрған  228 үйді ысырып тастау жоспарланған еді. Тұрғын үй басқармасынан хабарлағанындай, аудандық әкім­дік­­тер тұрғын үй қорына талдау жасап, 1940-1970 жылдар аралығында салынған, құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден ескірген  228 үйді  анықтаған еді.

Қазіргі кезде мамандандырылған  мекемелер аталмыш үйлерге тех­никалық тексеру жүргізіп жатыр. Техникалық қорытынды нәти­жесінде  нысандағы жағдай   сара­ланып, ғимаратты ысырып тас­тау жөнінде тиісті шешім қа­былданады.  Ал, апатты жағ­дай­­дағы үй иелері қолданыстағы заңға сәйкес жаңадан салынған  тұрғын үй кешендеріне көшіріледі. Алайда, берілетін пәтерлердің аумағы бұзылатын үйдің аумағымен тең болады. Яғни, «шаршы метрге – шаршы метр».

Естеріңізге сала кетейік, Астанада апатты жағдайдағы үйлерді ысыру жөніндегі қанатқақты жоба «Қолжетімді тұрғын  үй – 2020» бағ­дарламасының бір тармағы ре­тінде енгізілген болатын. Өткен жылы дәл осы бағдарлама аясында 11 ескі үй бұзылып,  178 отбасы сыңғыраған жаңа пәтерде қоныс тойын тойлаған.

Ескі орамдарды жаңғырту меха­низмі мемлекеттен тұрғын үй құ­рылысына бөлінген қаржыны қай­­­­таруға, құрылыс индустрия­сын д­амы­туға мүмкіндік береді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button