Мәдениет

ЕУРОПА КИНОСЫ ЕЛОРДАДА

Астанада «Еуропа күні» аясында Еуропа мем­ле­кеттерінің 15 үздік киносын елордалық көрермендер тамашалауда.

Бүгінгі таңда Еуропа киносы әлемдегі озық өнердің үлгілері қатарынан саналады. Аузымен құс тістеген талантты тұлғалары да же­терлік. Адам психологиясына терең бойлай білетін дүниелерді ерекше айтуға болады. Мәселен, үздіктер қатарындағы «Оскар-2016» жүлдесінің лауреаты атанған «Эми» фильмі, «Үздік режиссура» үшін 2015 жылы Варшава кинофестивалінде жеңімпаз болған Эстония мен Грузияның бірлесіп түсірген «Мандарины» әскери драмасы секілді салмағы ауыр кинолардың көркемдік әлемі қызықтырмай қоймайды.
Елордадағы айтулы өнер фестивалі «Мысықтардың басы айналмайды» атты Португалиялық кинокоме­диясымен ашылды. Бұл фильм 2014 жылы Португа­лияның ұлттық кинопрокатында көш бастап, көптеген халықаралық фестивальдерге ұсынылған.
Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің басшысы Траян Хистеаның айтуынша, Еуропаның киносы біздің елімізде мол сұранысқа ие екен. Сондықтан игі шараға Еуропа елдерінің тек үздік туындылары таңдалған.
– Жалпы, фестиваль аясында Қазақстанның үлкен экранына шығарамыз деген кинолар іріктелді. Бас­ты талап, кино – Еуроодақ құрамындағы елдердің кө­рермендеріне танымал, рейтингісі жоғары, сюжеті сапалы болу керек. Фестивальге әртүрлі жанрды, түрлі аудиторияға арналған кинолар алынды, – дейді елші.
Шара шымылдығы бүгін Чехия елі түсірген «Жолы болғыш бейбақ» киносымен жабылады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button