ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Газдандыру барысы талқыланды

Алматы ауданында газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Аудан әкімі Ерлан Бекмырзаев, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлерінің және мердігерлердің қатысуымен ауданның тұрғын алаптарын газдандыру бойынша кезекті кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұтушыларға газ жеткізуді дайындау мәселелері талқыланды. Аудан әкімі тазалау және қысымды жұмыстарын жылдамдатуды және бұрын абаттандырылып, газ тарту барысында қиратылған аумақтарды қалпына келтіруге тезірек кірісуді тапсырды. Ол газбен жабдықтау шарасы іске қосу кешендеріне сәйкес жүргізілетінін атап өтті.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button