#Жаңа Қазақстан

Халық пен билік арасындағы көпір

Ұлттық құрылтай осы жылы тарихы терең, шежірелі Атырау қаласында өтті. Халық пен билік арасындағы көпірге айналған құрылтай мемлекеттік мәселелер талқыланатын ашық алаң десек те болады. Бұл жолы да ел көкейінде жүрген тақырыптар қозғалды.

Әр адамның Конституциялық құқығының сақталуы, заң алдындағы теңдігі, қауіпсіздігі және жеке бас бостандығы қорғалуы тиіс екені айтылды. Қоғамда орын алып жатқан оқиғалар заңның сақталуында олқылықтар бар екенін көрсетеді.

Мемлекет басшысы тіл мәселесіне қатысты да мәлімдеме жасады. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту – негізгі мақсатымыздың бірі, алайда мәжбүрлеумен сапалы нәтижеге жете алмаймыз. Сондықтан бұл мәселеде жүйелілік қажет. Оның бір жолы – қазақ тіліндегі кітаптарды көбейту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.

Сонымен қатар Президент Елтаңбамыздың кеңес заманын еске түсіретінін және соған қатысты сыни пікірлердің орын алып жүргенін атап өтті. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, ашық байқау арқылы жаңа Елтаңба жобасы жасалатынын жариялады.

Ерлан ДӘКЕНОВ,

Астана қаласы

мәслихатының депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button