#Жаңа Қазақстан

Халықтың ауызбіршілігі қымбат

– Қаңтар оқиғасы – әрі сабақ, әрі серпіліс болған қасіретті оқиға. Бұл тарихты біз ұмытпай, әлде де одан ой түюіміз керек. Бүгінде, міне, бір жыл өтті. Халық көп нәрсеге жан аша қарай бастады. Бұрын қарапайым болып көрінген дүниелер «қаңтардан» кейін қаншалықты маңызды екені түсінікті болды. Оның ішінде ең бастысы – елдің тұрақтылығы, тыныштығы, дербестігі мен халықтың ауызбіршілігі. Бірлік Алланың берген бағы екенін әркім түсінсе керек. Халықпен санасу қажеттілігі де артты. Халық пен биліктің арасында диалогтың болуының мәні еселенді. Екінші жағынан, саяси процестердің жүзеге асуына септігін тигізді деп ойлаймын.

Өкініші де бар, әрине. Қаншама сарбаздарымыз бен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапты. Мұның барлығы – бүліктің салдары. Әсіресе, қыршыннан кеткен жастар көп. Осы тұста жастармен жұмыстың маңызы артып отыр. Ертеңгі болашақ – өскелең ұрпақтың қолында. Мемлекеттің дамуына бейжай қарамай, ел тыныштығын жұдырық болып жұмылуға тиіспіз.

Олжас Сүлейменов,

«Qazaqstan team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button