Sport

Хоккей жұлдыздары елордада бас қосады

Биылғы «Хоккей жұлдыздары аптасы» Астанада 10 мен 14 қаңтар аралығында өтеді. Бұл ауқымды спорт шарасы біздің елде бірінші рет салтанат құрады.

Осы апталықтың аясында Құрлықтық хоккей лигасы және Әйелдер хоккей лигасының ең үздік ойыншыларының қатысуымен матчтар өткізіледі. Оған қоса, Жастар лигасының кубогы сарапқа салынып, шеберлік шоулар ұйымдастырылмақ.
Бұл хоккей мерекесіне арналған ресми сайт іске қосылды. Жақын күндері ойын көрігі қызатын матч­тардың билеттері сатыла бастайды. Дәлірек айтсақ, онлайн сату 24 қарашадан бастап www.allstarweek.com және www.kassir.com сайттары арқылы жүргізіледі. Ал 1 желтоқсаннан бастап билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан сатып алуға болады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button