Жаңалықтар

Илон Макс зымыранымен жерсерік ұшырамыз

Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өтті. Оған Қазақстан үкімет басшысы Б.Сағынтаев, дүниежүзілік ІТ-қоғамдастығының өкілдері, технология саласындағы сарапшылар, кәсіп­орын басшылары, тех­нологиялық кәсіпкерлер және ғалымдар қатысты.

Шарада сөз алған ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин жақында Қазақстанның Илон Маск зымыранымен Жерсерік ұшыратынын сүйіншіледі.
– 19 қараша күні Калифорнияда «Falcon 9» зымыранымен 2 жерсерік ұшырамыз. Осылайша инженерлеріміз бен конструкторларымыз дайындаған әзірлемелерді ғарышта апробациялаймыз. Бүгінге дейін 150-ден аса отандық инженер Еуропа елдері мен Ресейде тағылымдамадан өтіп келді, – деді вице-министр.
Жиын барысында танымал компаниялар тарапынан Қазақстан үшін тиімді ұсыныстар айтылды. Мәселен, «Hyperloop Transportation Technology» компаниясының бас директоры Дирк Альборн сағатына 457 шақырымды бағындыратын футуристік пойыз жобасын біздің елімізде де іске асыруға ниетті екенін жеткізді. Бұл жолдың бір шақырымының құны шамамен – 20 млн доллар. Алайда Д.Альборнның айтуынша, еңбек ресурстарына байланыс­ты Қазақстанда жобаның құны едәуір арзанға түсуі мүмкін екен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button