Жаңалықтар

Инфрақұрылымсыз жер бөлінбейді

Елімізде миллионға жуық адам баспана тұр­ғызуға жер телімін беруді өтінген. Астанада да жеке тұрғын үй салуға жер сұрайтындар көп. Бұл туралы елорда әкімінің сайтына өтінішпен хат жазғандар қатары жетіп артылады.­

Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері ешкімге ешқандай жер беріл­ме­ген. Келесі жылы да бұл мәселе қарастырылмайды. Себебі, қа­ла­ға тиесілі аумақта инженерлік-коммуникациялық желі­лер­мен қамтамасыз етілген арнайы жабдықталған алаңдар жоқ.

Сүбелі сөз

Назымбек КЕНЖЕБАЕВ,
Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары:

– Жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдерін бөлу – бүгінгі таңдағы күрмеуі қиын ең өткір мәселелердің бірі. Осы бағытта біздің тұрғындарға нақты, дұрыс ақпарат жетпей жатады. Ең бастысы, құзіретті органдар бекіткен жер телімдерін берудің қатаң тәртібі бар. Екіншіден, ереже, тәртіп болғанымен, берілетін бос жер телімі жоқ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button