Қоғам

It мен киберқауіпсіздік қоса дамуы керек

IT саласы мамандарын дайындау үшін ­гранттар көбірек бөлінгені дұрыс

Елімізде еңбек нарығында ІТ мамандар тапшы. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлауға тапсырма берген болатын. Тілшіміз «Касперский зертханасының» мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Қайыржан ­ӘБДІРАХМАНОВПЕН маман даярлау және киберқауіпсіздік мәселесі туралы сұхбаттасты.

– Президент биылғы Жолдауында «Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру» деп айтты. Осы бағытта істі неден бастау керек деп ойлайсыз?

– Жақында ғана «Касперский зертханасының» киберқауіпсіздік мәселелері бойынша Астанада ұйымдастырған Kaspersky cyberday панельдік сессиясы Мемлекет басшысының аталған тапсырмасына орай өткізілді. Міне, осы «Касперский зертханасы» мен Еуразия ұлттық университеті бірлесе жүзеге асырған жобада ІТ мамандарды дайындау үшін нақты қандай қадамдар істеу керек екені талқыланды. Мәселені шешудің бірден-бір жолы ретінде мемлекеттік органдар тарапынан мамандарды оқыту үшін грантты көбірек бөлу қажеттігі туралы айтылды. Жалпы, бұл – тек қана университеттердің көтерер жүгі емес, мемлекеттік органдардың, IT компаниялармен бірлесіп атқарылар ортақ іс. Әрі ІТ мамандарды даярлауды мектеп табалдырығынан бастау керек деп ойлаймын.

– Еліміздегі қазіргі таңдағы цифрландыру саласындағы жетістіктеріміз туралы нақты мысалдар келтірсеңіз?

Қазақстанда IT мамандары көп. Бірақ IT – өте жылдам дамитын сала. Киберқылмыстың алдын алу үшін IT саласы неғұрлым тез дамыған сайын, киберқауіпсіздік те соғұрлым қоса дамуы керек. Сондықтан біз тек IT саласындағы студенттерді дайындап қана қоймай, киберқауіпсіздік мамандарын да оқытуымыз керек

– Цифрландыру саласындағы киберқауіпсіздік бойынша Қазақстан әлемде 2022 жылы 31- орыннан көрінді. Бұл – киберқауіп­сіздік бойын­ша бүкіл дүние жүзін аралау­дан шыққан рейтинг нәтижесі. Әлбетте, еліміз үшін – үлкен дәреже.

– Мемлекет басшысы осы Жолдауында «Біз электронды үкіметті және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз» деген болатын. Алдағы цифрландыру мен ақпараттық қоғамның алғышарттары туралы не айтасыз?

– Біз IT компаниясы болғанмен, бүкіл елдегі финтех туралы айта алмаймыз. Ал өзіміздің жүзеге асырған нақты қадамдарымыздың бірі, бұл – Еуразиялық ұлттық университетінде ашылған бірегей зертхана. Мұндағы студенттер киберқауіпсіздік әдістерін қолдануға машықтанып, келешекте осы саланың кәнігі мамандары болады деген сенімдеміз. Бұған қоса әртүрлі курстарды ашуды жоспарлап отыр­мыз.

– Кибершабуыл және онымен күрес туралы ойыңызды да білсек…

– Қазақстанда IT мамандары көп. Бірақ IT  – өте жылдам дамитын сала. Киберқылмыстың алдын алу үшін IT саласы неғұрлым тез дамыған сайын, киберқауіпсіздік те соғұрлым қоса дамуы керек. Сондықтан біз тек IT саласындағы студенттерді дайындап қана қоймай, киберқауіпсіздік мамандарын да оқытуымыз керек.

Цифрландыру саласындағы киберқауіпсіздік бойынша Қазақстан әлемде 2022 жылы 31- орыннан көрінді. Бұл – киберқауіп­сіздік бойынша бүкіл дүние жүзін аралаудан шыққан рейтинг нәтижесі. Әлбетте, еліміз үшін – үлкен дәреже

– IT саласының ұш­қыр дамып келе жатқанын көріп отырмыз, демек, кибершабуыл да көбейді ғой?

– Биыл мамыр айынан бастап кибершабуыл екі есеге көбейді. Бұрын алаяқ­тар электронды пош­таға немесе уатсапқа сілтеме жіберіп, қандай да бір жеке мәліметтеріңізді енгізуді сұраса, енді сілтемелерді қойып, әлеуметтік инженирияға қадам бас­ты. Интернет-алаяқтары бірнеше сатыдан тұратын әдіс-тәсілдерді қолданып, өз құрбандарына материалдық залал келтіре бастады. IT маман күнделікті білімін жетілдіріп отыру арқылы мұның жолын кесе алады. Қарапайым адамдар ғаламторда жемтігін аңдыған қулардың қақпанына оңай түсіп қалуы мүмкін.

– Алаяқтардан сақтанудың қарапайым тәсілін айтсаңыз?

– Ең бастысы, сілтемелерді баспау, телефон нөмірлерін қандай да бір сайтта қалдырмау. Мәселен, банк картасының нөмірін енгізу сұралса, мұны google-ден тексеріп алу керек. Бұдан басқа алаяқтарды анықтайтын арнайы бағдарламаларды жүктеп, сол арқылы шындыққа көз жеткізуге болады.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button