Әлеумет

Керек кеңес

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

[smartslider3 slider=2826]

Декларация нысаны

270.00-нысан – «Кірістер мен мүлік туралы декларация».

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» кімдер тапсырады?

2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті шарттар болмауы тиіс.

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер

Есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер;

Салықтық шегерімдер;

Мүлікті сатып алу және (немесе) есептен шығару фактісі;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;

Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек. ҚР екінші деңгейдегі банктеріне қарыздар көрсетілмейді.

Маңызды!

Декларацияда табыстың келесі түрлері бо­йынша жеке табыс салығын (ЖТС) көрсету және есептеу қажет:

мүліктік кіріс;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынатын кірістер;

салық агентінен алынбаған үй қызметкерлерінің табыстары;

салық агенттері болып табылмайтын, Қазақ­стан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбекшарттары (келісім шарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің кірісі;

Қазақстан Республикасы ратификация­лаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісім шарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің табысы;

кәсіпқой медиатордың табысын қоспағанда, медиатордың кірісі;

жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс.

Ескертпе

Табыстардың осы түрлерін кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсету және олар бо­йынша ЖТС есептеу кезінде 240.00-нысандағы декларацияны табыс ету талап етілмейді (Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацы).

Бұдан басқа, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде келесі мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:

Мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті;

Мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

Бағалы қағаздар;

Инвестициялық алтын;

Туынды қаржы құралдары;

Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.

«Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны»ұсыну мерзімі

Қағаз тасығышта – 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

Электрондық түрде – 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

ЖТС төлеу мерзімі

Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан) және кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) үшін Салық кодексінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңына (Салық кодексі) табыс етудің әртүрлі мерзімдері белгіленуіне байланысты кодекс)» (Заңның 33-бабының 2-тармақшасы (Салық кодексінің 362-бабының 1-тармағы), кірістері мен мүлкі туралы декларациядан (270.00-нысан) ЖТС есептейтін адамдар үшін ЖТС төлеу мерзімі бойынша түзетулер енгізіледі.

Аталған түзетулер Салық кодексінің 71-тарауына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген адамдардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету үшін Салық кодексінің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей оны табыс ету тәсілдеріне қарай жеке табыс салығын төлеуді жүргізуін көздейді.

Бұл ретте ЖТС төлеудің мерзімдері:

егер декларация қағаз тасығышта табыс етілсе – 15 шілдеден кейін 10 күн ішінде;

егер декларация электронды түрде ұсынылса – 15 қыркүйектен кейін 10 күн ішінде жүргізілуі тиіс.

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» ұсыну тәсілдері

Электронды түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz) және e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы.

Қағаз тасығышта – мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылады.

«Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» қайда тапсыру қажет?

Декларацияны жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы (зайыбы) тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button