Мәдениет

Кинофестивальде топ жарды

«Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсіріліп, аталмыш телеарна­дан көрсетілген «Полигон» телехикаясы Ресей астанасында өткен «Moscow Russia International Film Festival» атты халықаралық кинофестивальде «Үздік телевизиялық мини-сериал» аталымын жеңіп алды.

[smartslider3 slider=1829]

Қазақстандық кинотуындыны Ресей, Канада, Германия, Австрия, Швеция, Мексика мен Греция сарапшылары жоғары бағалады. Телехикаяны кинорежиссер Ахат Ибраев түсірді. Саяси детективте Семей ядролық полигонының жабылу тарихы сипатталады. Бас кейіпкерлері полигонның жабылуына бастамашы болған 1987-1991 жылдардағы Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев, «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Ел тарихындағы айтулы оқиғадағы кейіпкерлерді белгілі әртістер Азамат Сатыбалды, Жандарбек Садырбаев, Сергей Матвеев, т. б. актерлер сомдады. Халықаралық кинофестиваль сарапшылары қазақ сериалын мазмұны терең туынды ретінде бағалады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button