Жаңалықтар

Көлік картасын қолданушылар көбейді

Астанада он күн ішінде транспорт картасын қол­да­ну­шылар саны екі есеге артты. Бұл туралы «Астана LRT» мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Астана LRT» мекемесі электронды төлем жүйесінің 21 шілде мен 5 тамыз аралығына талдау жасаған. Дифферен­циалды тарифті енгізгелі жұмыс күндері жолаушылар ағыны 530 мыңнан 580 мыңға дейін көбейген. Яғни транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге ұлғайып отыр.
Айта кетейік, транспорт картасы бір ғана жолаушыға жол ақысын тіркеуге мүмкіндік береді. Оның жарамдылық мерзімі – 5 жыл. «Транспорт әмияны» тарифі бойынша жүктелген қаржының пайдалану мерзімі шексіз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button