Жаңалықтар

Көпбалалы отбасынан шыққан талапкер үшін – 5 мың грант

2019-2020 оқу жылында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан талапкерлер үшін 5 мың оқу гранты бөлінеді. Оған қол жеткізу үшін талапкер ҰБТ бойынша шектік балдан жоғары көрсеткіш көрсетуі керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

– Гранттар ҰБТ қорытындысы бойынша конкурстық негізде тағайын­далады. Талапкер егер ұлттық мәртебеге ие жоғары оқу орнына түскісі келсе – 65 балдан, педагогикалық ғылымдар бағытына сәйкес мамандық таңдаса – 60 балдан, басқа жоғары оқу орындары үшін 50 балдан кем жинамауы керек, – деді ол.
Министрдің айтуынша, әуелі жалпы конкурс бо­йынша бекітілген оқу грант­тарының нәтижесі шығады. Биыл 53700-дей грант беріледі. Шамамен 1 тамызға қарай сол грант иегерлерінің есімі белгілі болады. Үміткер бұл тізімнен өзін таппаса, бірақ жоғарыда аталған санатқа кірсе (көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасыдан шықса), қосымша грант үшін өз өтінішін бере алады. Өтініштер 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Оның нәтижесі 25 тамызға дейін жарияланады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

2 пікірлер

Пікір үстеу

Back to top button