Жаңалықтар

Көпэтносты қоғамның мәселелері талданды

Елордадағы Назарбаев орталығында «Көпэтносты қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» атты халықаралық форум өтті.

Іс-шара барысында «Көпэтносты қоғамның ұлттық даму моделі: Қазақ­стандағы Өзбекстан жылы», «Астанаға 20 жыл: Еуразия жүрегінде», «Табысты әлеуметтік даму – көпэтносты қоғамды шоғырландыру негізі» тақырыптарында панельдік сессиялар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар бас қосқан форумда қоғамдағы татулық пен жалпыұлттық бірлікке арналған республикалық ғылыми жобалардың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жас ғалымдарды қолдауға бағытталған байқауға елдің түкпір-түкпірінен бас-аяғы 21 жоба түскен. Солардың ішінен әділ-қазылар финалға тек 10 жобаны ғана іріктеп, таңдап алды.
«Болашақ» универ­ситетінің оқу ісі және халықаралық байланыс­тар жөніндегі проректоры, сая­сат­­тану ғылымдарының кандидаты Мұрат Насимов байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Ал бірінші орын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқыту­шысы Рысты Керімбаеваға бұйырды. Екінші орынды «Жастар арасында этносаралық ынтымақтастықты нығайту» атты тақырыбы жобасының авторлары Анна Свинарчкук және Жайлагүл Сағындыққызы еншілесе, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы инновациялық-технологиялық университеті тарих ғылымдарының магистрі Қарлығаш Қайралы алды. Жүзден жүйрік атанған барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ноутбук, смартфон сияқты заттай сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button