Sport

Көркем гимнастика: кім топ жарды?

ASPAN спорт кешенінде көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен балалар арасында Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты аяқталды. Жарысқа 215 спортшы қатысты.

[smartslider3 slider=3947]

Ашық чемпионат болған соң Қарағанды және Жамбыл облыстарының жас гимнасшылары да елорда төрінде өнер көрсетті. Турнирде 2011-2016 жылы туған қыздар бәсекеге түсті.

Көркем гимнастика Нұр-Сұлтан қалалық федерациясының президенті Сайранбек Ербатырұлының айтуы бойынша бұл жарыс пандемиядан кейінгі жасөспірімдер арасындағы бірінші чемпионат болып отыр. Бұл жарыста топ жарған спортшылар Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасына қабылданып республика біріншілігінде өнер көрсетеді.

Ал жарыс нәтижелеріне келсек, 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы жеке бағдарламада «Изумруд» гимнастика мектебінің спортшысы София Герцен жеңіске жетті. Екінші орынды Томирис Айбекова иеленсе, үшінші орын  Сара Аушахмановаға бұйырды.

Топтық сайыста бірінші орынды Жамбыл облысының қыздары жеңіп алса, екінші орынды елордалық «Жемчужина» мектебінің спортшылары иеленді.

2014 жылғы жасөспірімдер бәсекесінде елордалық «Жұлдыз» көркем гимнастика орталығының шәкірті Іңкәр Мергенова топ жарды. Екінші орынға «Изумруд» мектебінің споршысы Бибінұр Арыстанбекқызы қол созса, «Жемчужина» спорт клубының шәкірті Айкөркем Мейрамханқызы қола жүлдегер атанды.

2015 жылғы спортшылар жарысында Нұр-Сұлтан қаласының №1 ОРЖБМСМ шәкірттері жақсы нәтиже көрсетті. Бірінші және екінші орынды Самал Сәрсенова мен Тамина Елеусізова иеленді. Үздік үштікті «Жұлдыз» орталығының спортшысы Жәнел Наукенова түйіндеді.

2011-2012 жж туған балалар арасындағы топтық сайыстарда барлық жүлдені №1 ОРЖБМСМ споршылары жеңіп алды.

Ал 2013-2014 жылы туғандар арасындағы топтық жарыста №1 ОРЖБМСМ спортшылары тағы да бірінші және екінші орынды бөліссе, «Әлия Юсупованың гимнастика мектебінің» шәкірттері үшінші орынға табан тіреді.

2011-2013 жылы туғандар арасындағы жеке бағдарламада №1 ОРЖБМСМ шәкірттері Әнел Дінішева, Айғаным Рысбек және Линара Жайлауова жеңіс тұғырынан көрінді.

 

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button