Қала тіршілігі

КӨШЕДЕГI ҚАТЕЛIКТЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТIРIЛДI

Президент өзінің кейінгі Жолдауында мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, оның мемлекеттік тіл ретінде өріс алуына қажетті жағдайларды барынша жасауға, оның қоғамдық аясын кеңейтуге айрықша назар аударды.

Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Осы ретте Астана қаласының  прокуратурасы мемлекеттік тілді одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстар атқаруда. Мәселен, «Астана тіл академиясы» Астана қаласының прокуратура органдарындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйретуде.

Жыл бойы қала прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері мен аудан прокуратураларына ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауда әдістемелік және практикалық көмек көрсетіліп, мемлекеттік іс қағаздарын жүргізу бо­йынша мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, құқық саласындағы заң терминдерін жүйелеу және біріздендіру мақсатында қазақ тіліндегі әркелкі нұсқасы қолданылып жүрген бірқатар заң терминдерінің тізімі дайындалды.

5fa8e9 434_9cb628870d9eeee915bf7e6c1c9d25a3 Еркек

Прокуратура Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарының сақталуына байланысты тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде, көрнекі ақпарат пен сырт­қы жарнамаларда кездесетін бірнеше заң бұзушылықтар орын алды. Атап айтқанда, қазақ тілінің орфографиялық ережесі сақталмауынан туындаған қателер анықталды.

С.Сейфуллин көшесіндегі №5 үйде «Наргиза» сұлулық салонында «сұлулық» сөзі «сұлүлык», Біржан сал көшесі  №3 үйде «Мадияр» дүкеніндегі «Джин» шекілдеуігінің жарнамасында «қош келдіңіз» мәтіні, «қөш» деп қате жазылған. Ал, қазақ тілінде баламасы жазылмаған көрнекі ақпараттар Бейбітшілік көшесінде жиі кездеседі.  Атап айтқанда, №27 үйде «Дәріхана» жарнамасында (Оптовые цены); №35 үйде «Целиноград» дәмханасында
(Национальная, европейская кухня); №44 үйде «Классика» дүкенінде (Цены от производителя, распродажа); №48 үйде «Dahilia» дәмханасында (Кафе «Dahilia» приглашает на обеды); №50 үйде «МИК» ломбардында (Низкие процентные ставки. Мы открылись!) сөздері мүлде аударылмады. Мұндай қателіктер Жеңіс даңғылында, І.Есенберлин, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин көше­лерінде де кездесті. Осыған орай, Астана қалалық прокуратурасы ықпал ету шараларын қолданып, аталған қателіктер қалпына келтірілді.

Астана қалалық прокуратурасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Р.АЙТИМОВ,

Астана қаласы прокуратурасының 3-ші басқарма прокуроры

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button