ЖаңалықтарҚала тіршілігі

«КРУТОЙ» НӨМІРЛЕР САУДАҒА ШЫҒАДЫ

photo_73748

Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бас­тап елі­мізде автомобильдердің ерекше нөмірлері сатыла бастайды. Өйткені, өткен жылы Қазақстанның салық кодексіне кейбір өзгерістер енгізіліп, бұл нормалар ресми түрде заңдастырылды.

ыны керек, айырықша таңбалы «крутой» нөмірлер бізде бұған дейін де жоғары бағаланып келді. Сондықтан, олар шенділердің сейфтерінде сақталып, тамыр-таныстықпен немесе жоғарыдан түскен қоңыраулар бойынша берілетін еді. Кей жағдайларда «бармақ басты, көз қыстымен» белгілі бір бағаға сатылатын да. Алайда, одан түскен қаржы жекелеген адамдардың қалтасында кететін. Қазір мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы бітіспес күрес ашып, осындай көлеңкелі жайлардың алдын алу мақсатында арнаулы заң қабылдап отыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әкімшілік комитетінің бөлім бастығы Қанат Сәдуақасовтың айтуынша, мұндай тәжірибе Тәжікстан мен Грузияда кеңінен қолданылып жүрген көрінеді. Біздің мамандар мұны өмірге енгізбес бұрын грузиндердің осы тұрғыдағы әдіс-тәсілдерін жете зерттеген екен. Мәселен, «жылына «2000» немесе «5000»  ғана «мәртебелі нөмір» берілуі керек» деп шектеу қою солардан алынған. Сонымен, қазіргі салық кодексіне сәйкес 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 таңбалы нөмірлер – 253724 теңгеге, ал, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 санды  нөмірлер – 422256 теңгеге сатылады.

– Мұндағы мақсат жең ұшынан жалғасуды болдырмау және жүргізушілердің тең құқылығын қамтамасыз ету. Ендігі жерде ақшасы бар адам қандай таңбалы нөмір аламын десе де, өз еркі. Өтініш білдірсе болды, сатып ала  береді. Әрі одан түскен қаржы да  бюджетке түсіп, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады, – дейді Қанат Сушыұлы.

Жақсы СӘТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button