Sport

«Ливерпуль» мен «Челси»

2019 жылғы УЕФА-ның клубтық турнирлері мәресіне жетті. Чемпиондар лигасында Англияның командалары жеңіске жетті.

Мадрид қаласында өткен Чем­пиондар лигасының финалында «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» (Лондон) командасы кездесіп, бұл ойында 2:0 есебімен «Ливерпуль» жеңіске жетті. Ал Баку қаласында «Челси» (Лондон) мен «Арсенал» (Лондон) командалары Еуропа лигасының кубогына таласып, 1:0 есебімен «Челси» жеңімпаз атанды.
УЕФА-ның жаңа маусымы 9-10 шілдеде басталады. Классификациялық ойындарға Қазақстаннан «Астана» – Чемпиондар лигасында, «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы» командалары Еуропа лигасына қатысатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button