ДенсаулықЖаңалықтар

МАММОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

photo_138492

Сүт бездерінің қатерлі ісігін болдырмай, аурудың алғашқы кезеңінде-ақ анықтайтын заманауи маммографиялық құрылғы дүниежүзіндегі беделді 20 онкологиялық орталықта ғана бар-тын. Енді бұл қуатты қондырғы елімізде де пайда болды. Бұл Ана мен бала ғылыми орталығында ашылған Маммология орталығында орнатылды.

Елімізде жыл сайын 4 мыңнан астам әйел сүт бездерінің қатерлі ісігіне шалдығады екен. Сондықтан 35 жастан асқан әр әйел жылына кем дегенде бір рет арнайы тексеруден өтті.

Маммология орталығындағы сандық қондырғының ерекшелігі сол, сырқатты клетканың ал­ғаш­қы бұзылысынан-ақ анықтап, ісік­тің әрі қарай асқынуының алдын алады.

Жаңадан ашылған орталық  ар­­найы акция жариялап, осы ша­ра барысында әйелдерді тегін тексеруге шешім қабылдапты. Заманауи маммографиялық құрыл­ғы арқылы тексерілгісі кел­гендердің + 7 /7172/ 45 75 65 теле­фонына хабарласуына болады. Келу­шілер жарты сағаттың ішін­де  тексеруден өтіп, денсаулығы туралы біле алады.  Акция уақыты шек­теулі екенін естеріңізге сала­мыз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button