Жаңалықтар

Мектеп және балабақша – өзекті нысандар

Елорда әкімі кеше таңертеңгі аралау кезінде қаладағы екі мектепте болып, олардың аумағында жаңадан салынып жатқан қосалқы ғимараттар құрылысымен танысты.

Бірінші нысан – №31 мектепте (Кенесары көшесі, 49) қазір үш ауысымда оқыту жүріп жатыр. Салынып жатқан жаңа ғимарат мектептің шамадан тыс жүктемесін жеңілдетуге және екі ауысымда оқытуға көшуге көмектеседі. Қосалқы ғимарат 530 оқушыға арналған. Тапсыру мерзімі – келер жыл. Екінші нысан – №28 мектепте (Петров көшесі, 8) 1800-ден астам оқушы оқиды. 300 орындық жаңа ғимаратты осы жылдың аяғына дейін тапсыру жоспарланып отыр. Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі №40, 8 және 60 мектептерге барды. Олардың аумағында жаңа білім нысандары болады.Қала әкімі А.Көлгінов құрылыс жұмысы мерзімін сақтауды және аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.
Қала басшысы 2020 жылы елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысын да аралап көрді.
Тұран даңғылы мен К.Күмісбеков көшелері қиылысында орналасатын арнайы балабақша 90 орынға арналған. Әкім арнайы балабақшаның жабдықталуына мән беруін айтты. Қазір елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button