Елорда тынысы

«Мектепке жол» – қайырымдылық жолы

Кеше елордалық Достық үйін­де Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы «Мектепке жол – бар мейірім балаға» ұранымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық шарасын өткізді.

[smartslider3 slider=3782]

Балалар жылы аясында өткен ізгі шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық алдында материалдық көмек көрсету. «Мектепке жол» акциясына елордалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен меценаттары белсенді түрде қатысты.

Қайырымдылық акциясы барысында 100-ге жуық бала мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Достық үйіне шақырылған балалар үшін кәсіби аниматорлар ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Мультфильм кейіпкерлерімен бірге балалар қызықты ойындарға қатыс­ты. Олар елордалық ассамблеяның шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады. Ұйымдастырушылардың қызықты бағдарламасы балаларға жақсы көңіл күй сыйлады. Атап айтқанда, тәжік, өзбек, шешен-ингуш, поляк, орыс, түрік, украин, татар-башқұрт, еврей, әзербайжан, белорус, неміс, ұйғыр, дүнген, казак, болгар, башқұрт, грузин этномәдени орталықтарының өкілдері, сондай-ақ қайырымдылық жасаушы Сайяф Исмаилов пен қалалық ҚХА аналар кеңесінен Шапаат Нурахунова игі іске өз үлесін қосты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button