Жаңалықтар

Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс аяқталды

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы А.Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл ақпаратты Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі жариялады.

   А.Мешімбаева ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлігі «б,г» тармақтарымен және 307-бабы 3-бөлігімен, 2009 жылы халық санағын өткізуге қажет санақ құралдарын дайындау үшін бөлінген 758.2 миллион теңге мөлшеріндегі сеніп тапсырылған ақша қаражаттарын өзінің орынбасарларымен, мердігер ұйымның басшылығымен және басқа да тұлғалармен бірге адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жымқырғаны үшін, сондай-ақ өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін айыпталуда. 2013 жылдың 15 қарашасында А.Мешімбаеваның ісі жоғарыда аталған Қылмыстық кодекстің баптарымен сотқа беріліп, бүгінгі таңда қылмыстық іс Астана қаласының  Есіл аудандық №2-ші сотының өндірісінде.

   Мемлекет қаржысын талан-таражға салып, шетел асып кеткен А.Мешімбаеваға ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі  2009 жылдан бері іздеу жариялаған болатын.  Ол биылғы қыркүйек айында Ресей Федерациясынан экстрадиция тәртібімен елімізге қайтарылды.  

 

   

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button