Әлеумет

Мигранттар – ауру ошағы емес

Астана қаласында «Еңбек мигранттары арасындағы туберкулез мәселесін бұқа­ралық ақпарат құралдары арқылы көтеру» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.

29-004

Екі күнге созылған шарада еңбек мигранттары арасындағы туберкулез мәселесі және осы мақсатта қолға алынып жатқан жобаларға қолдау білдіріп келе жатқан Жаһандық қор туралы жұртшылықты хабардар етті. Сондай-ақ, осы тақырыпта жазып жүрген журналистердің практикалық дағдыларын жақ­сарту жайы сөз болды.
Ресми деректерге сүйенсек, елімізге жылына бір миллионға жуық еңбек мигранты келеді екен. Жұмыс іздеп келушілердің басым бөлігін Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия азаматтары құрайды. Еңбек мигранттары санының артуы өз кезегінде безгек, туберкулез, АИТВ секілді бірқатар аурулардың көбеюіне әсер етіп отырғаны белгілі. Осы мақсатта елімізде былтырдан бері Project HOPE халықаралық денсаулық сақтау ұйымының қаржылай қолдауымен гастарбайтерлерге тегін медициналық көмек көрсету шаралары қолға алынды. Астана, Алматы,
Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды,
Шымкент және Алматы облысы секілді еліміздің 7 өңірінде туберкулезге қарсы үш жылға жоспарланған іс-шаралар жүр­гізіліп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мамандары еңбек мигранттары арасында туберкулезден сақтану жолдары туралы насихат жұмыстарын жүргізіп, тегін медициналық тексеру өткізуде. Бір ғана Астана қаласының өзінде 10 емхана халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен келісім шарт жасасып, сырттан келген мигранттарға тегін көмек көрсетіп отыр. Жұмсалған қар­жыны халықаралық қор төлейді.
«Өкінішке қарай, еңбек мигранттары елімізде тегін ем бар екенін білмейді. Үкіметтік емес ұйымдар сондай азаматтарды іздеп тауып, бізге әкеліп жатыр. Өткен жылы осындай шара­лардың арқасында орталы­ғымызда 22 науқас анықталса, биыл жыл басынан бері тағы 15 мигрант емделіп шықты» дейді Астана қалалық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Анна Цепке.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button