ЖаңалықтарҚұқық

Астаналық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді

 Алдағы сенбіде, яғни 22 қазан  күні сағат 10.00-ден бас­тап,  «Бәйтерек» монументінің көлік тұрағы алаңында «Жолда қабылдау» атты  дәстүрлі республикалық  акциясы өтеді.

zholda-qabyldau

Акцияның басты мақсаты – халыққа құқықтық тәрбие беріп, қала жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ, тұрғындардың санасына ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеу» қағидатын қалыптастыру.
Аталған акцияға Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақыт­жан Малыбаевтың өзі қатысып, жұртшылықтың сауалдарына жауап береді деп күтілуде. Сонымен қатар, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысады.
Бұған қоса, сол күні таңғы сағат 10:00-ден бастап «Бәйтерек» монументінің алдында, «Рубеж» бақылау бекеті жүйесінде, автобус парктерінде, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталы­ғында жол-патрульдік полиция қызметкерлері конституциялық құ­қықтық заңдылықты сақтау бойынша азаматтар арасында сауалнама жүргізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button