Жаңалықтар

Мұғалімдерге арналған жәрмеңке

Бүгін елордадағы №34 және №84 мектептерде сағат 10.00-13.00 аралығында мұғалімдерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Сондай-ақ, осы күні қаладағы барлық мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда ашық есік күні өтеді. Бұл шара жас мамандарға үлкен қолдау болмақ. Өйткені жоғары оқу орындарын бітірген жастар қолға диплом тигеннен кейін жұмыс іздеп жаны шығады. Өз мамандығымен қызмет істеймін деп жан-жаққа жүгіреді. Ата-­аналардың да уайымы күшейеді. Қысқасы, жұмысқа орналасу да – бір науқан. Ал бүгінгі өтіп отыр­ған игілікті іс кім-кімге де кең жол ашпақ. Жәрмеңкеге жоғары оқу орындарының түлектері мен еліміздің басқа өңірлерінен педагогтар келеді деп күтілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button