Sport

Баскетбол маусымын аяқтады

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасының қорытынды ойынында Саратовтың «Автодорын» қабылдап, 75:92 есебімен ұтылды.

Елордалық команда жеңіске жеткен жағдайда плей-офф сериясына өту мүмкіндігі сақталар еді. Бірақ «Автодордың» алаң иелеріне қарағанда асығы алшысынан түсіп, 5-орынға нықтап орнықты.
Бас-аяғы төрт кезеңнің үшеуінде қонақтар басымдық танытты. Алайда «Астана» соңғы кезеңге дейін қарсыласын алысқа ұзатпай, басып озуға болатындай ойын көрсетті. Үлкен үзілісте табло ресейлік команданың пайдасына 41:39 есебін көрсетіп тұрды. Матчтың қалған бөлігінде астаналықтардың айласы таусылып, қонақтар бәрібір «төрді» бермеді.
Осылайша «Астана» ВТБ лигасындағы жорығын аяқтады. Яғни, баскетбол маусымы да тәмам болды.

Бексаттар САТТАР

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button