Мәдениет

Мыңнан аса шара өткізді

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қаладағы 18 кітапхана қарайды. Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша оларда кітапхана қоры 742106 кітапты құрады. Осы уақыт аралығында 341816 келуші тіркелді. Оқырмандар саны – 52764 адам. Өткізілген іс-шаралар саны – 1001.

[smartslider3 slider=3571]

Сондай іс-шаралардың қатарында «Eлорда – KitapTime» кітап көрме-жәрмеңкесін атап өтуге болады. Аталмыш іс-шараны қолдау барысында Нұр-Сұлтан қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оқырмандар арасында кітап алмастыруды заманның сәніне айналдыру; әртүрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру мақсатында «Әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз» атты BookCrossing ұйымдастырды.

BookCrossing – те оқырмандар мен қала тұрғындарына тегін кітаптар алмастырылумен қатар, кітапхана қорында бар аудио, дыбысты кітаптар мен инновациялық сөйлейтін қалам, балалармен қоса ересектердің де сүйікті кітабына айналған Гарри Поттердің қазақша, орысша еңбектерінің бұрышы да қонақтардың назарына ұсынылды. Гарри Поттер кейіпкерін сомдағанмен естелік суреттерге түсу ұйымдастырылды.

BookCrossing-ке астана тұрғындары мен оқырмандардан бөлек Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, ақын Мирас Асан, алаштанушы, абайтанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, балалар әдебиетінің өкілдері Толымбек Әбдірайым, О.Сүлеймен, Үнді елшілігінің I-хатшысы Санджай Веди және Өзбекстан, Ирландия елшіліктері мен жас қаламгерлер қатысты. Осындай ауқымды іс-шараны асыға күткен оқырман қауымның қарасы да аз болмады. Кеш батқанға дейін кітап алмастырып, керегін іздеп, әбден шөлдеген оқырмандар алғыс­тарын жаудырып, жарқын көңіл-күймен қайтты.

Сондай-ақ орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Рух пен тіл» атты Шаханов оқуларын өткізді. Іс-шарада өз елінің намысын ту қып ұстаған, ұлт мүддесін қорғаушы қайсар ақынның рухты мен отты жырлары оқылды. Мұхтар Шахановтың махаббат лирикасы да айтылып, әндері шырқалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button