Елорда тынысы

Наурыз көже ұсынды

Астанадағы №2 көпбейінді облыстық ауру­хана ұжымы наурыз мейрамын ерекше атап өтті.

Жоғары санатты дәрігер, ҚР денсаулық сақтау үздігі Изат Бюрабеков басқаратын аурухана ұжымы жылдағы дәстүр бойынша аурухананың соматика бөлімшесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бөлімше меңгерушісі Ақмарал Қанатбаева жиналғандарды халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайтын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Салтанатты шара барысында емделуші Алмагүл Елубаева мекеме директоры Изат Дәулетжанұлына, бөлімше меңгерушісі Ақмарал Сағынтайқызына, дәрігер Раушан Хамитқызына, аға мейіргер Роза Балташқызына, мейіргер Гүлнәр Оразбаеваға кәсіби білігі мен кез келген емделушіге көрсеткен ұқыпты қарым-қатынасы үшін шын көңілден ризашылығын жеткізді. Апаның ақ батасы мерекелік іс-шараның шырайын келтірді.

Жарқын мереке күні қызметкерлер ғана емес, емделушілер де ұлттық нақыштағы киімін киіп, ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтады. «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар» деп ырымдап, бөлімше мамандары емделушілерге наурыз көже мен бауырсақ таратты.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button