Сайлау - 2021

Nur Otan-ның қатары толықты

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада Nur Otan партиясына әртүрлі қызмет салаларындағы белсенді азаматтарды салтанатты қабылдау шарасы өтті. Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, партия қатарына барлығы 1,5 мыңға жуық азамат қосылды.

Партияның жаңа мүшелеріне Төрағаның бірінші орынбасары ­Бауыржан Байбек партия билеттерін табыстады. Оның айтуынша, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және халықтың ерекше қолдауының арқасында Nur Otan партиясы бүгінгі таңда уақыт талабына сәйкес маңызды реформалар жүргізіп отырған еліміздің жетекші саяси күшіне айналған. Nur Otan партиясы әрқашан негізгі үш қағиданы басшылыққа алады және оны берік ұстанады. Бұл – жауапкершілік, бірлік және ортақ мақсатқа деген адалдық. Біз алдағы сайлау науқанына тыңғылықты дайындалдық. Әр өңір, қала және аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды талдау негізінде сайлауалды бағдарламалардың 216 жобасы әзірленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, праймериз барысында халықтан 20 мыңға жуық талап-тілек жиналды. Олардың басым бөлігі партияның алдағы бесжылдық «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына енгізілді. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыру партияның әрбір мүшесіне байланысты» деп атап өтті Бауыржан Байбек.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button