Жаңалықтар

«ӨМІР ЖОЛЫ» – КӨМЕКШІ ҚАРИЯҒА

IMG_3498

Астана мен Алматыда тұратын 150 соғыс ардагері төтенше жағдай болғанда дабыл қағатын электронды құрылғымен қамтамасыз етілетін болды. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында айтылды.

Жиынға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев және «Өмір жолы» жобасының өкілі Ілияс Омаров қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді.

«Өмір жолы» атты әлеуметтік жоба аясында пайда болған GPS-навигаторлары Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ардагерлерімізге тосын сый болып отыр. Бұл – кәрілік жеңіп, күш-қуаты азайған қартаң адамдарға таптырмас көмекші құрылғы. Егер қария жалғыз қал­ғанда немесе көшеде келе жатып кенет сырқаттанып, өміріне қан­дай да бір қауіп төнсе, осы құ­рылғыдағы «SOS» белгісі бар жедел шақыру түймешесін басса болғаны, дабыл нүктесі бірден бірыңғай көмек орталығының ақпараттық базасына келіп түседі. «Қондырғыдағы түй­мешені басқан кезде сол адам­ның қайда тұратыны, жасы қаншада екендігі, қандай сырқатпен ауыратыны, тіпті жақын туыстарының телефон нөмірі мониторға шыға келеді.

Операторлар бірден шақыру жол­­даған адаммен тілдесуге тыры­са­ды. Құрылғы дауыс күшейт­кі­шімен қамтамасыз етілген. Жауап алу барысында түймешенің бай­қаусызда басылып кетпегені анық­­­талады. Ал егер шынымен де қондырғы иесінің өміріне қауіп төн­­ген болса, онда жедел жәр­демге, поли­цияға, басқа да органдарға немесе туған-туыс­қан­дарына хабар беріледі. Осылайша, қарттарға дер кезінде көмек көрсетілетін болады» дейді Ілияс Омаров.

Құрылғының негізгі аппараты ардагердің үйіндегі телефонға немесе қалтафонға орнатылады. «SOS» деген белгісі бар екінші бөлігі білезік ретінде қолға немесе алқа іспетті мойынға тағылады. Яғни адам қайда жүрсе де, өзімен бірге алып жүруге ыңғайлы.

Мұндай инновациялық құрылғы Америкада және Еуропа елдерінде 30 жылдан бері қол­даны­лып келеді екен. Ресейде осыдан екі жыл бұрын іске қосылған. Ал елімізде өткен жылдан бері қолға алына бастаған. Былтыр өткізілген «Atameken Start-up» байқауында осы «Өмір жолы» жобасы үздік деп танылған екен. Енді міне, Ұлттық кәсіп­керлер палатасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ретінде еліміздегі соғыс ардагерлеріне құ­рылғыны тегін тарата бастады.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, бизнес қауымдастық Ұлы же­ңістің 70 жылдығына дейін соғыс ардагерлерін түгел осы құрылғымен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button