Тәуелсіздікке 30 жыл

Өнердің байтақ мекені

2021 жыл – Қазақстан үшін ерекше жыл: ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекеленеді. Осы жылдар ішінде саясатта, экономикада, спорт пен мәдениетте әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді. Осының барлығы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жемісті қызметінің арқасында мүмкін болды, елдің игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген үздік мамандарды біріктірген түрлі бағыттағы көптеген ұйымдар құрылды. Солардың бірі 1998 жылы құрылған Қазақ ұлттық музыка академиясы болды.

[smartslider3 slider=1481]

Осы кезеңде 60-тан астам танымал әлемдік университеттермен және академиялармен ынтымақтастық дамыды. Университет қабырғасында шыңдалған студенттердің таланттары 500-ден астам беделді байқауларда үздік марапаттарға ие болуға, бүкіл әлем бойынша Қазақстанның имиджін нығайтуға мүмкіндік берді.

Тәуелсіздігіміздің тірегі болған бас қаламыз халықаралық фестивальдер мен байқаулардың ордасы атанып, өнердің байтақ мекеніне айналды. «Шабыт», «Жас қанат» байқаулары, Астана фестивалі, К.Байсейітова атындағы халықаралық әншілер конкурсы дәстүрлі түрде өтіп келеді. Елорда сахнасында атағы жер жарған әлем әртістері өнер көрсетті. Осындай өнер сайыстарында біздің түлектеріміз де олжа салғанын мақтан етеміз. Димаш Құдайберген, Рахат-Би Әбдісағин, Сүндет Байғожин, Айзада Капонова, Салтанат Ахметова, Айгүл Ниязова және басқа да түлектерімізді мақтан тұтамыз. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болғаны сөзсіз.  Біз үшін өнер арқылы еліміздің мерейін, елордамыздың мәртебесін көтеруден артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

Айман МҰСАҚОЖАЕВА

Қазақстанның Еңбек Ері,

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button