Әлеумет

Отанға оралды

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды. Қазіргі таңда 15 903 адам тарихи отанында қандас мәртебесін алды.

[smartslider3 slider=734]

Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5% – Қытайдан, 6,1% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен, Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыс­тау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Бүгінде еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,1% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,4% білімі жоқ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button