ЖаңалықтарҚоғам

Отбасы – қоғам тірегі

Жуырда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың төрағалық етуімен өткен кеңесте біздің қоғамдағы отбасы институтын нығайту, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шаралары, баланың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

[smartslider3 slider=374]

Кеңестің күн тәртібіндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы; отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданатын шаралардың тиімділігін ғылыми-практикалық зерттеу нәтижелері туралы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы туралы құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері ақпарат берді.
Мәселен, отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне құрылуы жоспарланып отырған отбасын қолдау орталықтарының міндеттерін, функциялары мен көрсететін қызметтерінің тізбесін алдын ала пысықтау тапсырылды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша Бас прокуратура  Жоғарғы сотпен  және  Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, белсенділермен және құқық қорғаушылармен түрлі деңгейдегі сарапшылардың қатысуымен қолданыстағы заңнаманың нормалары және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқық қолдану практикасы туралы сындарлы диалогты жалғастырады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп отбасы институтын, отбасылық-­адамгершілік құндылықтарды нығайту, қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті құру жөнінде кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Баланың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірге жұртшылықтың пікірін ескере отырып, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балалар үйлерінде өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың болу мерзімі жөніндегі нормаларды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасына Үкіметтің қорытындысы шеңберінде белгіленген тәртіппен қарау үшін қайта пысықтайды.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button