Жаңалықтар

Отбасы қолдау орталығы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов отбасы институтын қолдау орталығын ашуды ұсынды.

Қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі қалтарыста қалып, осы күнге дейін елордада көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік бейімдеу, олардың кәсіп игеріп, еңбек етуіне мүмкіндік толық қарастырылмаған.
Нұр-Сұлтан қаласында осындай орталық құруды ұсынамын. Орталық алдымен әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың мәліметтер базасын жасақтайды. Содан кейін әлеуметтік әлсіз топтарды соның ішінде көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбие­леп отырған және тағы басқа да мұқтаж отбасылардың мүшелеріне толық әлеуметтік көмек көрсететін болады» деді қала басшысы. Әкімнің айтуына қарағанда, орталық құқықтық, психологиялық кеңестер беріп, медициналық тексерулерге жолдама ұсынатын болады. «Отбасы институтын қолдау орталығы аналарға қолайлы болу үшін «Open space» негізінде жасалады және балаларға қарайтын шағын балабақшаның жұмысы ұсынылады. Осы мәселені реттеуді орынбасарым Бақтияр Мәкенге тапсырамын» деді әкім.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button