Жаңалықтар

Өзгерістер оң нәтиже береді

Қалалық емханалардың бірінде медицина саласының қызметкерлерімен кездестік. Медицина саласындағы өзгерістерден бөлек Парламент мәртебесінің артуы бойынша қызықты талқылау болды.

[smartslider3 slider=3033]

Әрине, халық арасында депутаттардың құзыреті шексіз, айтқаны заң, көтерілген мәселелері орындалуға міндетті болып көрінетіндей пікір қалыптасқаны бар. Дегенмен, халық қалаулыларының бюджетті бекітудегі, кейбір заң нормалары үшін күресі мен елдің мәселелерін шешу үшін әкімдіктер және министрліктермен арпалысып жүретінін бірі білсе, кейбіреуі біле қоймас. Осы ретте, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыруға бағытталған. Мысалы, Мәжілістің құзыреті кеңейіп, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылау күшейеді. Ол үшін, бұған дейін айтқанымыздай, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылады. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп береді. Саяси жүйеде тепе-теңдік және тежемелік тетіктерді нығайту және заң шығару жұмысын оңтайландыру мақсатында Мәжіліске заңдарды қабылдау, ал Сенатқа заңдарды тек мақұлдау не мақұлдамау құзыреті беріледі. Мәжіліс келіспеген тұста, заңды қол қоюға тікелей Президентке жіберетін болады. Парламент конституциялық заңдарды Палаталардың бірлескен отырысында, кемінде екі оқылымда қабылдайтын болады. Айрықша қажеттілік туындаса, заңдарды жедел қабылдау тәртібі енгізіледі. Бұл тек аса қажеттілік, қауіп-қатерді еңсеру үшін шұғыл іс-қимыл мақсатында қолданылады.

Елнұр Бейсенбаев

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button