Қала мен Сала

Пандемиядан кейінгі жағдай

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордалық медицина COVID-19-дан кейін қалай қалпына келетінін және жақын арада қалай дамитынын айтты.

[smartslider3 slider=2766]

«Пандемияның екі жылында медициналық қауымдастық толығымен төтенше жағдайда жұмыс істеді. Вирусты толықтай жеңе алмадық, мүмкін әлі аяқталмаған да болар. Бірақ кадрлық әлеуетті әрі қарай дамытатын, барлық деңгейдегі медициналық көмектің сапасын жақсартатын, осы уақыт ішінде пайда болған олқылықтарды тоқтататын уақыт келді. Денсаулық сақтау саласында негізгі, бірақ шешілетін проблемалар бар: кадр тапшылығы және инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі» дейді қалалық басқарма басшысы.

Т.Мұратовтың айтуынша, жақын арада кадр тапшылығын азайту және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жоспарлар қабылданады. Бүгінде қала бойынша дәрігерлермен қамтылу 80%-дан аспайды, ал тапшылық 140 дәрігерді құрайды.

Басқарма басшысы тұрғындар саны артып келе жатқанын ескере отырып, кадрларға айрықша қажеттілік бар екенін атап өтті. Бүгінде елордада бір жалпы практика дәрігеріне түсетін жүктеме 1604 адамды құрайды.

«Елордалық медицина инфрақұрылымы қазіргі жағдайға сәйкес болуы керек. Қала тұрғындары жыл сайын өсіп келеді, әрбір тұрғынға сапалы медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Пандемия кезінде біз емханалар мен ауруханалардың ғимараттарын күрделі жөндеуден немесе қайта жөндеуден өткізе алмадық. Енді осы бағытта жұмыс жүргізіледі. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде 20 минуттық қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ететін 40 дәрігерлік амбулатория нысаны ашылды. Биыл тағы 10 нысанды ашу жоспарланып отыр, олардың екеуі ашылды» деді елорданың бас дәрігері.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша бүгінде бір астаналық емхананың филиалы, «Достық» дәрігерлік амбулаториясы толық жөндеуден өтті, тағы 8 МСАК ұйымына ірі жөндеу және №1 қалалық емхананың ескі ғимаратын қайта жаңғырту жүріп жатыр.

Т.Мұратов сондай-ақ қазір елордалық клиникаларда медициналық жабдықтарды жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті. Биыл 54 техника сатып алынды, оның ішінде қаланың бес емханасына арналған компьютерлік томография бар.

«2022 жыл Балалар жылы деп жарияланғанын назарға алдық. Енді барлық көрсеткіш бойынша балаларға арналған және босандыру қызметін жақсартатын боламыз. Елордада табиғи туу көрсеткіші жылына 30 мыңнан асады. Бұл да дер кезінде әрекет етуді талап ететін өте жоғары көрсеткіш. Балалар стационарлары мен акушерлік блоктардың жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ 2023 жылы 250 төсекке арналған жаңа акушерлік корпус салынады. Оның жобалануы аяқталды» деді Тимур Мұратов.

Ол қаланың жоспарында «Интернациональный» елді мекенінде бір ауысымда 150 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын, «Өндіріс» елді мекенінде бір ауысымда 250 адам қабылдайтын жаңа амбулаторлық-емханалық кешенді салу, №3 қалалық емхананы орналастыру үшін ғимарат сатып алу рәсімі жүріп жатқанын айтты.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button