ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Партиялық бағдарлама пәрмені

Қала тұрғындары санының артуымен қажетті­инженерлік-инфрақұрылымға деген сұраныс та өсті. Осы орайда елордада Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында жаңа сорғы-сүзгі стансасының құрылысы бойынша ауқымды жоба қолға алынды.

[smartslider3 slider=416]

Қала тұрғындарының ауыз суға сұранысын қамтамасыз ететін сорғы-сүзгі стансасында 17 шақырымдық су тартқышы бар. Бұл станса қаланың сол жағалауындағы тұрғын үй кешендерімен бірге Мыңжылдық аллеясын да ауыз сумен қамтамасыз етуге қабілетті.
Жалпы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасы аясында қаламен бірге қала маңындағы елді мекендерге жалпы ұзақтығы 130 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру желілері тартылмақ. Сондай-ақ 2025 жылға дейін қала тұрғындарының сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін 85 шақырымдық нөсер кәрізінің де құрылысы қатар жүргізілді.
Бүгінге дейін қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытумен бірге инженерлік инфрақұрылымды жетілдіруді қамтитын жетекші партияның көпжылдық бағдарламасындағы 44 пункт бойынша жоспар толықтай жүзеге асқан. Жыл соңына дейін 84 пунктті іске асыру жоспарланған.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button