ЖаңалықтарҚала тіршілігі

IT саласына сұраныс артады

IT саласы қарқынды дамып келеді, сонымен бірге осы саланың жаңа мамандарына қажеттілік туындайды. Өткен сәрсенбіде Нұр-Cұлтан қаласы мәслихатының депутаттары астаналық студенттерге арналған Astana IT University (AIU) оқу бағдарламасын және AIU мен Astana Innovations ынтымақтастығындағы IT саласын дамытудың негізгі міндеттерін көрсетті.

[smartslider3 slider=417]

Кездесу барысында мәслихат өкілдері университеттің барлық кампустарына барды, онда AIU ректоры Дархан ­Ахмед-Заки университеттің соңғы әзірлемелерін және елордалық студенттерді оқытуға арналған арнайы жабдықталған алаңдарды көрнекі түрде көрсетті.
Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, университеттің басты мақсаты – IT саласы жоғары білікті IT-мамандарды даярлау. Сондай-ақ депутат цифрлық бағыт азаматтардың жайлы ортасын қамтамасыз ету үшін қаланың көптеген міндеттерін шынымен шеше алатын ерекше сала екенін атап өтті.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button