Жаңалықтар

ПАТРИОТТАРҒА МОНУМЕНТ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ

Кеше Астанада қызмет міндетін атқаруы кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары мен ішкі әскер қызметкерлеріне Монумент ашу салтанаты болды. Іс-шара Қазақстан полициясы күнінің құрметіне өткізілді.

«Астананың 15 жылдығын мерекелеу қарсаңында қызмет міндетін атқару кезінде көз жұмған ішкі әскер жауынгерлеріне монумент тұрғызу біздің әрқайсымыз үшін жанымызды тебірентіп, жүрекке жылылық нұрын құятын естен кетпес оқиға болып табылады. Еліміздің тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін жандарын берген замандастарымызды мәңгілік есте қалдыру үлкен іс. Біз бүгін Отанымыздың нағыз патриоттары – осындай Қаһармандарға басымызды иіп, құрмет көрсетеміз. Олардың ерлігі кейінгі ұрпақ үшін өнеге, азаматтық борыш пен елін, халқын сүюдің озық үлгісі. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз!», – деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов салтанатты рәсім­нің­ ашылуында.

Өз кезегінде Қазақстан Рес­публикасының Ішкі істер ми­­нис­трі Қалмұханбет Қасымов осы қауіп­­ті мамандықтың маңызын атап көрсетті.

Монументтің ашылу салтанаты барысында министр Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарының үздік түлектеріне шендер табыс етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button