Жаңалықтар

Жадымдағы жеті күн

Марат Омаров, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, сазгер:

Жалпы, соңғы аптада біршама қызыққа толы оқиғалар болып жатыр. Өзім, міне, күні кеше ғана Мәскеуде үлкен шығар­ма­шылық кон­цертімді беріп келдім. Ба­ғыма қарай кеш өте сәтті өтті. Одан Астанаға келуім үлкен мейрамдарға қызу дайындық кезімен тұспа-тұс келіп қалғаны. Соның бірі – әсем Астанамыздың туған күні. Соған байланысты менің «Арман қала – Астана» атты әнімнің де жарыққа шыққанына биыл 15 жылдың жүзі болыпты. Осыған орай, 2-10 шілде аралығында Қа­зақстанның түкпір-түк­пі­рінен жас әншілерімізді шақыртып, елорда төрінде біршама концерттік бағ­дар­­ламаларымызды ұйым­дас­тырмақпыз. Қазіргі таңда шақыртумен әр облыстан келген талантты өнерпаз­дарды мен өз тобыма жинап жатырмын.

Тағы бір жаңалығым, жа­қында ғана маған «Астана жұлдызы» атты арнайы жо­баға шақырту берілді. Бұл жобада Қазақстан Респуб­лика­сына еңбегі сіңген мә­де­ниет қайраткерлері мен көптеген жас талант­тардың бір жыл­дың ішіндегі еңбек­терін жинақтай отырып, 5 шілде күні қорытындысын Қазақ­стан Орталық залында жариялайды. Соған сарапшы ретінде маған бірнеше іріктеу нәтижелерін тапсырып отырған жайы бар. Мұнда тек жеке әншілер емес, топ, трио да қатыса ала­ды. Бұл – ең алдымен біз­дің еліміз үшін өте қажетті жоба. Себебі, Қазақстан бүгінде саясат, эко­номика жағынан дамыған мем­ле­кет­тер қатарына еніп жатса, біздер мәдениет тарапынан осылай халықаралық дең­гейге көтеруіміз қажет. Сол секілді тек респуб­ли­ка­лық деңгейде емес, әлем­дік дең­гейде көтеретін жас өнер­­паздарымыз бар. Біздің мақ­­сатымыз – сол тума талант­тарды әлемдік деңгейге шы­ғарып, еліміздің туын жел­бірете беру. «Бұлақ көр­сең, көзін аш» дейді ғой. Сол секілді өзіміз жинаған тәжі­рибемізді шәкірттерге сіңіру – біз үшін қуаныш.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button