Жаңалықтар

«Президенттік институт: қазақстандық үлгі»

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Hilton Astana» қонақүйінде Мәжілістің бастамасымен «Президенттік институт: қазақстандық үлгі» халықаралық парламенттік конференция­сы өтті.Пленарлық сессияны ҚР Парламент Мәжі­лісі­нің Төрағасы Нұрлан ­Нығматулин ашты. Ол тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған халық­аралық конференцияның өте маңыз­ды шара екенін, өйткені біздің еліміз жеткен табыстар мен болашақ жоспарлар, тек қана Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты екенін атап өтті. «Елбасының «Мәңгілік ел» жолындағы дана саясатының арқасында кең-байтақ қазақ жері татулықтың үлгісіне айналып, дамудың қазақстандық жолы қалыптасты. Осы жолда Парламент әрқашанда Елбасының сенімді тірегі болып келеді» деді Н.Нығматулин.
Бұдан әрі ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Тұрышев, Түркия республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Левент Гек, Атлант кеңесінің жетекші сарапшысы (АҚШ) Ариэель Коэн, Сербия рес­публикасы Халық Скупщинасының депутаты Драгомир Карич т.б. сөз алып, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі халықаралық және әлемдік деңгейдегі жетістіктеріне айрықша назар аудара келіп, оның барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы сая­сатының нәтижесі екенін айтты.

Жадыра ШАМҰРАТОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button