Жаңалықтар

Қала көшелерінде қозғалыс шектеледі

Бүгін сағат 20.00-де «Астана-Арена» стадионында жергілікті «Астана» футбол клубы мен белоруссиялық «Батэ» командасы арасында УЕФА Еуропа лигасының плей-офф матчы өтеді. 

005

Осыған байланысты қала көше­лерінде қозғалыс шектеледі. Атап айтсақ, кездесу соңына дейін Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралық жабылады. Көлік иелері Орынбор көшесі арқылы діттеген жеріне жете алады.
Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін сағат 18.00-де бес жерден қозға­латын арнайы рейстер (шаттлдар) ұйымдастырылады. Стадионға бару үшін «Қазақстан» спорт кешені, «Әзірет Сұлтан» мен «Нұр Астана» мешіттері, Астаналық цирк және Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион жанындағы тұрақтардан арнайы автобустарға мініп кетуге болады.
Матч аяқталған соң жан­кү­йерлер шаттлдарға Қабанбай батыр даңғылы­ның бойындағы «Астана-Арена» стадионының тұрағынан және аялдамадан отырып, қайта алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button