#Жаңа Қазақстан

Қаңтардан қалған қасірет

Қаңтар оқиғасының бір жылдығына байланыс­ты 5 қаңтарда «Qazaqstan» телеарнасынан 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмі эфирге шығады.

Фильмде қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады. Деректі фильмдегі куәгерлер – сол уақытта зардап шеккен бейбіт тұрғындарға көмек көрсеткен түрлі маман иелері.

5 қаңтар сағат 20:40-та қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сол сәттегі шешімдері мен үндеулері туралы «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі.

6 қаңтар сағат 20:40-та қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» деректі фильмі эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі. Бас прокуратура, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, заңгерлер, рақымшылық берілген азаматтардың сұхбаты беріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button