ЖаңалықтарЭкономика

ҚАНША ҚАРЖЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ?

Астана қаласы бойынша мүлік пен қаржыны жария ету науқаны басталғалы 38 миллиард теңгенің 8 мың нысаны заңдастырылды.

legalizatsiya

Елімізде мүлікті заңдастыру науқаны қызу жүргізілуде. Жыл аяғына дейін созылатын шараға елорда тұрғындары да белсенділікпен қатысып, көлең­кедегі қаржысы мен мүлкін тізім­детіп жатыр.
Бұл ретте, әсіресе, Алматы ауданы тұрғындарының беталысы айрықша. Бүгінге дейін аталмыш аудан тұрғындарынан жергілікті атқарушы органдар жанындағы Мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияға жалпы сомасы 60 млрд теңгеге баға­ланатын барлығы 4 мыңнан астам өтініш келіп түсіп отыр. Бұл өтініштердің 3 840-ы тұр­ғын үйлер болса, 5 814-і – басқа мақ­саттағы нысандар. Қалғаны – коммер­циялық сауда орындары. 5 заңды тұлғаның қатысу үлесі 457,9 мың теңгені құрайды.
Астана қаласы Қаржы басқар­масының мәліметінше, одан кейінгі орында Есіл ауданы тұр.
Бұл ауданнан 32,4 млрд тең­ге­нің 1534 өтініші келіп түскен. Са­ры­арқа ауданының үлесі – 19 млрд теңге, яғни келіп түскен өтініштердің жалпы саны 3 217-ні құраған. Жалпы, Астана қаласы бойынша 110,7 млрд теңгенің 9 мыңға жуық өтініші келіп тір­кел­ген.
Арнайы комиссияның ше­ші­мімен бүгінде бұл өтініш­тердің 3 629-ы қанағат­танды­ры­лып, 38 млрд теңгенің 8 мың нысаны заңдастырылған. Сонымен қатар, 5 заңды тұлғаның қатысу үлесі 457, 9 млн теңгені құрады. 8 110 мың теңгенің құнды қағаздары жария етілді.
Жалпы, жария ету науқаны басталғалы бері елімізде 3 213 056,9 теңгенің мүлкі мен ақшасы заңдастырылған. Оның 2 219 895,7 теңгесі – қолма-қол ақша. Қалғаны – жылжымайтын мүлік, заңды тұлғалардың жар­ғылық капиталындағы қатысу үлесі және құнды қағаздар.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button