Жаңалықтар

ҮСКІРІК АЯЗ КЕЛЕ ЖАТЫР

Қараша айының құбылмалы ауа райы үскірік аязға ұласатын түрі бар. «Қазгидромет» ертеңнен бастап, яғни 16-19 қараша күндері аралығында еліміздің басым аумағында күн қатты суытатынын болжап отыр.

0_1292b2_775eed50_orig

«Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан Қазақстанға қарай суық антициклон ығысады. Соның әсерінен республиканың солтүстігінде түнгі уақытта-20-27ºС, тіптен кей жерлерде -30ºС аяз болады. Солтүстік қана емес, Оңтүстік өңірлерде де ауа температурасы төмендейді. Бұл қа­лыпты нормадан 5-13ºС төмен» делінген синоптиктердің хабарламасында.
Ертең Астанада -31 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз -23ºС. Ал 17, 18 қараша күндері елордада күн бұлттанып, ауа температурасы -24 градус суық болады. Сенбі күні күн ашылады. Бірақ -27ºС аяз сақталады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамынша, биылғы қыс қарлы болмақ. Өткен демалыс күндері-ақ Астанада шамамен қалыңдығы 31,8 мм қар түсіп үлгерді. Бұл – қараша айындағы қалыпты мөлшерден 3,8 мм-ге көп көр­сеткіш. Алайда үрейленудің қажеті жоқ, деп ескертеді ауа райын болжаушылар, мұндай мөлшерде қардың түсуі бұл аймақ үшін қалыпты жағдай саналатынын еске салып.
Ал кешеден бері қардың көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Қала басшылығы ауа райының күрт құбылуына қарай қар жинау жұмысын қатаң бақылауға алып отыр. Бүгінде қала көшелерінде 266 техника, санитарлық тазарту жұмыстарына 368 адам жұмылдырылып, үздіксіз жұмыс жүргізілуде.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button