Сайлау - 2021

«Қазақ Республикасы» атауын қолдайды

«Ақ жол» демократиялық партиясы мемлекетті «Қазақ Республикасы» деп атауды ұсынды. Партия мүшелері ел есімінің жаңаруы Қазақстанның жаңғыруына алып келеріне сенімді.

Бұл туралы партия басшысы Азат Перуашев XVI құрылтайда партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сөйлеген сөзінде мәлімдеген. «Биыл «Алаш» автономиясынан бастау алатын және қазіргі Қазақстанның негізін қалаған Қазақ Республикасына 100 жыл толды. Алдымен қателесіп «Қырғыз» автономиялық республикасы деп аталып, 5 жылдан кейін Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфуллин, Жалау Мыңбайұлы және де басқа тұлғалардың арқасында республикамызға ұлтымыздың төл атауы қайтарылды. Өткен жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметке бұл тарихи датаны ресми атап өтуді және «Қазақстан» атымен қатар, тоталитарлық кеңес билігінің өзі мойындаған «Қазақ Республикасы» атауын қолдану туралы мәселені көтерді. Бұл бастаманы ­Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты да қолдады, бірақ біздің шенеуніктер үнсіз қалды. Сонда да біз тарихи бірегейлігімізді білдіретін «Қазақ Республикасы» мемлекеттік атауын қайтаруды жөн деп санаймыз» деді Азат Перуашев.
Ал «Қазақ Республикасы» атану «Ақ жол» партиясының тұтас сайлауалды бағдарламасы кешенінде айтылды. Онда партия парламентаризм институттарын күшейтуді және суперпрезиденттік жүйеден парламенттік республикаға кезең-кезеңімен көшуді жақтайды. Ел атауының өзгеруі республика ішінде оң өзгерістер, саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар жасайды.
Естеріңізде болса, 2014 жылдың ақпан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетімізді «Қазақ елі» деп қайта атауды ұсынған еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button