Жаңалықтар

Қазақ тілін тегін үйретеді

Қазақ тілін меңгеруге бағыт­тал­ған тегін курстар қарашаға дейін жал­ғасады. Мемлекеттік тілді кез келген адам оқып, үйренуіне болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқудың бірінші кезеңі сәуірде басталған болатын. Қазіргі таңда 750 адам курсты тәмамдады. Ұлттық тіл орталығының директоры Айжан Сұмғатова оқушылар деңгейіне қарай топқа бөлінгенін айтты. «Барлығы 6 деңгей қарастырылған. А1 және А2 – базалық деңгей, Б1 және Б2 – орташа, С1 және С2 – жетік меңгергендерге арналған. Деңгей тест арқылы анықталады. Сосын қалауына қарай арнайы топқа жазылу бас­талады. Сәуірден шілдеге дейін бізде 51 топ оқып кетті» дейді орталық басшысы.
Әр топ 10-13 адамнан құралған. Оқу­шы­ларға 12 ұстаз білім береді. Курстың жал­пы бағдарламасы 8 айға лайықталған. Сынақты сәтті тапсырғаннан кейін сертификат беріледі. Әрі қарай оқуды жалғастырғысы келгендер келесі курсқа қатыса алады. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер мына телефон бойынша хабарласуына болады: 8 747 526 28 55, 8 701 390 02 25.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button