Әлеумет

Қазақстанда қанша еңбек мигранты бар?

1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13951 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттың арасында мынадай санат бар: басшы мен оның орынбасарлары үшін 568 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшенің басшылары үшін 3017 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатқа жатады, тиісінше олар – 7 436 және 810 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа – 564 адам, ал корпоративтік ауыс­тыру аясында 1556 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1679 жұмыс беруші бар. Оларда 384 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 97 пайызы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5780 адам (42 пайыз); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 476 адам (11 пайыз); кәсіби, ғылыми және техникалық қыз­мет – 1 057 адам (8 пайыз); өңдеу өнеркәсібі – 953 адам (7 пайыз); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 547 адам (4 пайыз).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3518 адам, Үндістан – 1645 адам, Түркия – 1577 адам, Англия – 1091 адам, Өзбекстан – 693 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді және бөледі. Биылғы қаңтар айында Еңбек министрлігі ШЖК тарту квотасын бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25 пайызға) қысқартты. Осы жылдың желтоқсанында квота қосымша 997 бірлікке қысқартылып, жалпы саны 20 100-ді құрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button