Елорда тынысы

Қолында – қобызы

Кезекті оқу жылы аяқталса да, балалар жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізу мақсатында маусым айы бойы Астанадағы №2 өнер мектебінің оқушылары оқуын жалғастыруда.

Мен сабақ беретін қобыз сыныбының оқушылары: Асмира, Назым, Ханзила, Айдана, Нұрбибі, Ақжол, Сара «Ғажайып әуен» қобыз үйірмесіне қатысып, жазғы демалысын тиімді пайдаланып жүр. Мектепішілік білімділік, тәрбиелік маңызы бар «Қобыз әлеміне саяхат» атты сынып сағатын өткізіп, қобыз аспабын ойлап тапқан Қорқыт атадан бастап, кейінгі осы өнерді жалғастырушылар Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев, Досымжан Тезекбаев, Фатима Балғаева туралы деректер айтылып, бейнебаян көрсетіледі. Соңында 1-сынып оқушылары осы уақытқа дейінгі аспапты қаншалықты меңгергенін көрсетіп, шағын шығармалар ойнайды.

Сенбі, жексенбі күндерін балалар асыға күтеді, өйткені сол күндері орталық алаңға шығып, асыр салып, күліп-ойнап, өз өнерлерін көрсетіп, басқа балалардың өнерін тамашалап қайтады. Алда маусым айының соңына дейін жоспарланған іс-шарамыз жетерлік.

Жас буынды салауатты өмірге бейімдеу, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілетін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамыту, рухани құндылықтарын қалыптастыру – біздің мәртебелі парызымыз.

Алтын АХМЕДОВА,

№2 өнер мектебі қобыз

сыныбының мұғалімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button