Жаңалықтар

Қолжетімді пәтер беріледі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен дәрігерлерге арнап салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысымен танысты.Қала басшылығы «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе отырып, бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда. Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлердің қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл 1 мыңға жуық пәтер беріледі.
«Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым. Бұдан басқа, кезекте тұрған (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына), «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылдарға бағытталған дайындық жұмыстары да басталды» деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button